Жауапкершілікпен жұмыс істеуге шақырды

1107

0

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында басқарма басшысы Искаков Олжас Ермекұлы медицина ұйымдары басшыларына жаңа жұмысы барысындағы алғашқы апталық лездеме отырысын өткізді. Кездесуге емдеу, алдын алу ұйымдарының басшылары қатысты.

Жиында мүгедектікке шығару мәселелері, медицина ұйымдарының конго-қырым геморрагиялық қызбасына дайындық жұмыстары және пробация есебінде тұратын азаматтарға медициналық көмек көрсету барысы қаралды.

Одан бөлек өзге де тақырыптар бойынша тарқатылып, медицина ұйымдарының басшылары тарапынан ұсыныстар айтылды. Жиын барысында аймақтың бас дәрігері Олжас Ермекұлы емдеу, алдын алу ұйымдарының басшыларына аталған мәселелерге сәйкес нақты тапсырмалар берумен қатар, алдағы уақыттағы қызметті асқан жауапкершілікпен атқаруды, ана мен бала денсаулығын жақсарту, жүкті аналарға ерекше күтім көрсетуді және халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету жұмыстарын қатаң жүргізуді тапсырды.

Қорытындыға сәйкес, аталған тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта жүзеге асырылу бойынша шешім етілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<