Жауапты кезеңге дайындық жұмыстары пысықталды

470

0

Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқаны, жем-шөп дайындау барысы, алдағы жылу маусымына дайындық мәселелері қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің баяндауынша, биылғы қолайлы жағдай егін орағын уақытылы бастауға мүмкіндік берді. Бүгінде республика бойынша 2,4 млн. гектар немесе 14,1% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Орташа түсім гектарына 11,5 центнер болып, 2,8 млн тонна астық бастырылды. Биыл 24 млн гектар алқапта ауыл шаруашылығы дақылдары жиналмақ.

Алдағы жылу маусымына дайындық барысы туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов баяндама жасап, бекітілген кестеге сәйкес еліміздің электр стансаларында 10 энергоблокты, 49 қазандықты және 54 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланғанын айтты. Қазір 4 энергия блогында, 24 қазандықта және 15 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ә.Смайылов жиынды қорытындылап, жоспарланған жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Үкімет отырысынан кейін Премьер-министр берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында өткізілген мәжілісте сала басшыларына дайындық жұмыстарын уақытылы жүргізіп, жылу беру маусымын кедергісіз бастау міндеті жүктелді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<