«Жауын-шашынсыз жел күшейеді»: Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады

289

0

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер еліміз бойынша 17-19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері кең ауқымды антициклон Қазақстан территориясының көп бөлігін қамтиды. Сол себептен көп аумақта әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Тек еліміздің оңтүстік жартысына циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман болмақ. 17-19 қыркүйекте 2-5 градусқа дейін үсік болады.

Күндіз ауа температурасы:

  • республиканың батысында +20+28°С;
  • солтүстік-батыста +12+23°С;
  • шығыста +5+20°С;
  • оңтүстікте +20+30°С;
  • елдің солтүстігінде және орталығында +10+20°С;
  • оңтүстік-батыста +17 + 28°С. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<