Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Жастар жаңғыру жолында» атты қорытынды шара ұйымдастырды. Ассамблея төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Ильдар Гафуров жыл бойы атқарылған жұмысқа тоқталды.
Жастар жылы аясында жыл басынан бері өңірде 75 шара өтіп, 10 мыңнан астам адам қамтылды. Атап айтқанда, Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» жазғы тынығу лагерінде қозғалыс белсенділерінің слеті болды. Қатысушылар семинар-тренингтер мен шеберлік сабақтарында дәріс алып, өзара ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті. Ассамблеяның бастамасымен «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында күзгі тал егу экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концертіне ұласты. Әлеуметтік жобалар байқауы жастар жылының қорытындысы іспетті. Үміткерлер аса маңызды әлеуметтік жобаларға ерекше басымдық берді.
«2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аталып өтеді. Осы орайда облыстық ассамблея жастары ерекше белсенділікпен үлес қосады», – деді И.Гафуров.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<