ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ АЙҚЫН МІНДЕТ

305

0

Осыдан тура жиырма бір жыл бұрын Елбасы Қазақстан хал­қына алғашқы Жолдауын жариялап, «Қазақстан – 2030» страте­гиялық бағдарламасын ұсынған еді. Содан бері халық Ел­басының Жолдауын зор үміт­пен күтеді. Биыл да Елбасы «Қазақ­стан­ның әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­тыру» атты Жолдауында негізінен әлеуметтің әлеуетін арт­тыруға, білім сапасын біріз­дендіруге, қызмет көрсету сапасын жақсартуға, өмір сүру деңгейін арттыруға мән беріп, оның ел өміріндегі маңызын айқындады.

Тәуелсіздік алған күндері­мізден бері тұрақтылықтың ар­қа­сында елде прогрессивті өсу айқындалды. Оның дәлелі ТМД, Орта Азия елдері арасында алғаш рет Қазақстанда  Ха­лықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесінің өткізілуі, Еуразия өңіріндегі қаржылық, іскерлік, инновациялық мәдени орталық – Астана қаласының салынуы. Ендігі біздің стратегиялық мақ­сатымыз – 2050 жылға қарай әлем­дегі дамыған 30 елдің қатарына кіру.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі білімді ұрпақтың қолында. Осыған орай, Елбасы жаңаша бетбұрыс мектепке дейінгі тәрбие ошағы – балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейінгі тұтас қамту керектігін баса айтты. Қазақстандағы барлық мемлекеттік орта білім ордаларында Назарбаев зияткерлік мектебінің білім беру әдісін енгізу қажеттігін атап көрсетті. Бұл да өте құптарлық жағдай.

Білім алушыларға қолжетімділікті арттыруда мектептің материалдық базасын дамыту жолға қойылып келеді. 2019 – 2021 жылдары үш ауысымды оқыту және апатты мектептерді болдырмау үшін бюджеттен 50 миллиард теңге қарастырылатыны айтылды.

Ұрпақ ұлағат алу үшін мұ­ғалім мәртебелі болуы тиіс. Осы мақсатта Елбасы «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдау қажеттілігіне тоқталды.

Еліміздің болашағы жастар. Сол себепті келесі жыл Елбасы бастамасымен «Жастар жылы» деп жарияланады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша ауыл әлеуетін арттыру, «Сарбаз» балалар жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектепте патриотизмге тәрбиелеуді дамыту, әскери-па­триоттық тәрбиені күшейту мәселесі айтылды.

Зарипа ТАСЫМОВА,

Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектеп директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<