Елбасының биылғы Жолдауында өркениетті дамыған елдердің даму көшіне ілесудің уақыт талабы, мемлекет дамуының айқын бағыттары нақтыланған.
Елбасы цифрлық кезеңнен қалыс қалмауға басты назар аударды. Цифрлық технология мемлекетімізде қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Халықтың пікірі ескеріледі деген сөз. Бұл бір жағынан жұмыс сапасын арттыруға оң ықпалын тигізбек.
Жолдауда аталған 10 міндеттің барлығы елді дамытуға бағытталған қадамдар. Мәселен, еліміздегі индустрия, технология, өнеркәсіп кешені, көлік-логистика, инфрақұрылым, комуналдық құрылыс, заманауи технология, адами капитал, тиімді мемлекеттік басқару және «ақылды қалалар», «ақылды ұлт үшін» деген мәселелер көтерілген.
Жолдауда айтылған алтыншы міндет – қаржы секторын қайта жаңғырту азаматтардың қажеттілігі үшін несиелік бағдарламаларды кеңейтуді тапсырды. Бұған қоса әлеуметтік саясат пен адами капиталға да ерекше ден қойып отыр.
«Тиімді мемлекеттік басқару» деп аталатын Жолдаудағы жетінші міндет елімізде бизнес климатты жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің жаңа бейнесін қалыптастыру міндеті де тұр. «Әкімшілік шығындарды азайту үшін ведомствоға бағынышты нақты қажетті ұйымдарды мүмкіндігінше біріктіру керек. Босаған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізуге бағыттау қажет» деп атап көрсетті Елбасы Жолдауда.
Өркениет көшіне ілескен елімізде жемқорлықпен күрес жалғаса береді. Себебі, жемқорлық жойылмайынша, жетістікке жету мүмкін емес. Жолдауда тоғызыншы міндет ретінде. Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек деп атап көрсетілген.
Т.ОСПАНОВ,
облыс бойынша қазынашылық
департаменті басшысының орынбасары.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<