Бүгінде елімізде Қылмыстық –атқару жүйесінде жазасын өтеушілерді қағамға қайта бейімдеу ісі жүргізілуде. Яғни тасырлаған темір тордың арғы жағындағы түрлі тағдыр иелерінің жаза басып жаңылғаннан кейін, бір басқан жарды қайта баспауға талпынып, қолдарынан келген кәсібімен айналысып, қоғамға өз үлесін қосуына барынша жағдай жасалған. Сондықтан да болашағының сәулелі болатынынан үмітті жандар жаза мерзімін өтей жүріп, мекеменің өндірістік аймағында орналасқан түрлі кәсіпкерліктерде жұмыс атқаруда.
Қазіргі таңда мекемеде ақылы еңбекпен қамтылған жаза мерзімін өтеушілердің саны-601 адам, әр түрлі себептермен жұмыс істемейтіндер -139 адам, өндіріс аймағында -305 сотталған, оның ішінде шаруашылық қызметінде -63 сотталған, «Еңбек » РМК «Еңбек –Қызылорда » филиалында -93 сотталған жұмысын жалғастыруда. Жекеменшік кәсіп иелерінің мекеме аумағында өндіріс орындарын ашу, кеңейту, мақсатында 2018 жылдың 02 ақпанда РМК«Еңбек-Қызылорда» филлиалымен бірлесіп балалар аяқ-киімін тігетін «Нурмаханов» жеке кәсіпкерлігі ашылып -15 жазасын өтеуші жұмыс жасауда. Сондай-ақ, – ағаш өндеу өндірісін қолға алған ЖК «Маханова» – 19 сотталған, газоблок шығаратын «Ержас-2013» ЖШС – 24 сотталған, брусчатка өндірісі бар ЖК «Жұмабаев» – 20 сотталған және «Жансая құрылыс» ЖШС – 10 сотталған ,жеке кәсіпкер (ИТД) жеке еңбек шарты -16, ЖШС «EST-KZO »-15 сотталған, жеке кәсіпкер «Дарикулов»-12 сотталған еңбекпен қамтылған. Яғни мекемедегі ақылы еңбекпен қамтылғандар пайызы-75,2% құрап отыр.
Кез -келген жеке кәсіпкерге ЗК-169/5 мекемесінде өз кәсіптерін ашу өте тиімді. Себебі, өндірістік аймақтағы бос ғимараттар мен жер телімдері тегін сенімгерлік басқаруға беріледі. Жалдау ақысы алынбайды. Тек пайдаланылған коммуналдық ресурстарға ғана ақы төлейсіз. Күзет қызметін жалдаудың қажеті жоқ. Арзан жұмыс күші бар. Мұнда ең төменгі айлық ең төменгі еңбекақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес жалақының ең төмен мөлшері 24459 теңгені құраса, 29.11.2018жылғы «2017-2019» жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабы 1 тармағына сәйкес жалақының ең төмен мөлшері 28284 теңге болып белгіленген. Мекеменің шаруашылық қызметінде, өндірістік аймағында жұмыс жасайтын сотталған азаматтардың жұмыс жасау тәртібі, жалақы мөлшері, уақыты, келісімді жалақысы еңбек шарттарында көрсетілген. Аталған еңбек шарттары екі тілде рәсімделеді.
Мекемеде 01.09.2017-04.07.2018 жыл аралығында 2 мамандық бойынша М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде біліктілігі «Газ –электрмен пісіруші» -22 сотталған және С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде біліктілігі « слесарь-сантехник» -23 сотталған білім алды. Жалпы аталған мамандықтар бойынша оқытылатындардың саны 45 сотталған. Оның ішінде оқуды толық аяқтап мамандық иесі атанған 37 сотталған азаматқа диплом табысталды. Диплом табыстау іс –шараларына аталған колледждердің, ҚАЖ департаментінің өкілдері және ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері қатысты. Босап шығуларына байланысты 13 сотталған азаматтарды оқыту және оларға диплом табыстау іс-шарасы басқа мекемелерде өткізілді. Жаңа оқу жылына 2018-2019 жылға «электргаз дәнекерлеуші» және тігін өндірісі мен киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша оқуға қабылдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылы 45 жаза мерзімін өтеуші аталған колледждерден білім алуда.
Жаза мерзімін өтеушілерді жұмыспен қамтуды жоғары дәрежеге жеткізу мақсатында мекеме аумағында алдағы уақыттарда жаңа жұмыс көздерін ашу үшін жеке кәсіпкерлермен тығыз жұмыстар жалғасып, толық еңбекпен қамтылуына жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда облысы
ҚАЖ департаменті
ЗК-169/5 мекемесінің
мемлекеттік тілде аудармашысы А.Бакирова
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<