Жазасын өтеуші азаматтар арасында тимбилдинг өтті

750

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінің психолог мамандары жазасын өтеуші азаматтар арасында тимбилдинг жаттығуларын өткізді.

Тимбилдинг — ұйымшыл ұжым қалыптастыруға, команданың әрбір мүшесі өз орнын табуға және қабілетті барынша дамытуға жағдай жасайтын қазіргі заманғы тәсілдердің бір түрі. Тимбилдингтің барлық түрі еркін бейресми қарым – қатынас жасауды, командада жұмыс істеуді үйретеді және корпоративтік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Мақсаты – жазасын өтеушілер арасында өзара қарым – қатынасын қалыптастыру, ұжымдық топтық қабілетін анықтау, бір – бірін сыйлай білуге баулу, ұжымда жұмыс істей білуге шақыру, жеке ерекшеліктерін анықтау. Қорытындылау барысында жазасын өтеуші азаматтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Кері байланыс орнатылып, шеринг әдісі қолданылды.

Адина Жомартқызы,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<