Жазасын өтеушілер кешкі мектептен білім алады

275

0

Фото: автордан

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60,№37 мекемесінде сотталғандарға жалпы орта білім беру үшін кешкі мектеп жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда екі мекемеде жалпы орта білімі жоқ, 30 жасқа толмаған 54 сотталған бар. Білім күніне орай, 54  жазасын өтеуші партаға отырды. Олардың бірі 8-сыныпқа, бірі 9-сыныпқа , енді бірі 11-сыныпта оқитын болады.

Бұл сотталғандарға бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Қызылорда қаласының жалпы білім беретін кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдері сабақ береді. Бүгін кешкі мектепке қабылданған сотталғандарға мектеп мұғалімдері «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Пән мұғалімдері сабақ кестесімен таныстырып, білімді болу үшін сабақты жақсы оқу керектігін жеткізді.

Менің жасым 27 жаста. Менің құрдастарым 10 жыл бұрын мектеп бітірген. Балалық па, әлде бұзықтығым ба мектепте 8 сыныптан соң оқымай тастап кеттім. Әріп танып, санды қосып-алуды білсем болды деп келгендіктен бе, көшенің өмірі қызығырақ көрінетін. Сол қызығушылығым өзіме кесір болып келетінін білмеппін. Енді өкінгеннен өзгерер ештеңе жоқ. Мекемеде әр күнімді төрт қабырғаға қараумен өткізбей, білім алуға шешім қабылдадым. 9 сыныпқа қабылданып жатырмын. Бостандыққа шыққан соң жоғары оқу орнынан тапсыру үшін орта білімің туралы құжатың керек екендігін білдім. Бостандыққа шыққаннан кейін кешкі мектепте алған білімімді әрі қарай жалғастыртын боламын, — дейді жазасын өтеуші.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<