Жаңа қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, «Наурызнаманың» әр күні жекелеген тақырыптар мен құндылықтарға бөлінген. Жеке-жеке аталып өтілетін әр күннің мән-мағынасы қазақ халқының, Қазақстан қоғамының мәдениеті мен дәстүр-салтын, әдіт-ғұрпы мен қоғамдық құндылықтарын айшықтайды
Бүгін, 15 наурыз – «Қайырымдылық күні». Өзара көмек көрсету Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі болғандықтан, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде дін өкілі мен мекеме теологы жазасын өтеуші азаматтарды қоғамға бейімделуге қол ұшын созу үшін «Қайырымдылық пен жомарттылық адамзаттың асыл қасиеті» тақырыбында дәріс өткізді.
Басты мақсат-жаза басып, жаңылған азаматтардың бостандыққа шыққанда, айналасындағы адамдарға қайырымды болу қасиетін бойына сіңіру болу табылады.
Дәріс барысында сотталған азаматтар дін өкіліне түрлі сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<