Абай Құнанбаев 175 жылдығына орай өткізіп жатқан оқу эстафетасына Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемеде жазасын өтеп жатқандар да қатысып, ақын өлеңдерінен үзінді оқыды.
Жазасын өтеушілердің бос уақыттары болмайды. Сотталғандар мекеме аумағында орналасқан өндіріс орындарында еңбекпен қамтылған. Сондай-ақ, олар мекемеішілік іс – шараларға белсене қатысады. Республика көлемінде Абай Құнанбаев атамыздың 175 жылдығына орай оқу эстафетасы басталған естіген жазасын өтеушілер, «біз де қатыссақ бола ма деп өтініштерін білдірді» деді мекеменің жасақ бастығы, әділет майоры Д.Ералиев.
Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін сотталған Н.С домбырамен нақышына келтіре орындады. Бала күнімнен домбыра тартып, күй шертемін. Ақын атамыздың өлеңдерін, қара сөздерін мектеп қабырғасынан жаттап өстік, оқу эстафетасын естіп, қуанып қалдым. Бізді сотталған деп қоғамнан бөлмей, осындай шараларға қатысуымызға мүмкіндік беріп отырған мекеме әкімшілігіне рақметімді айтамын,- деді жазасын өтеуші азамат.
Жастық шақта аңғалдығымнан темір торға тоғытылдым. Жазамды өтеп жатырмын. Өзім өнер саласында қызмет еткенмін деп әңгімесін бастады. Университет қабырғасында оқып жүріп «Абай оқулары» мүшайраларына қатысып, жүлделі орындар алып жүрдім. Әлі де ақын атамыздың өлеңдерінен қол үзген емеспін, қайталап оқып жүремін, бос уақытымда мекеменің кітапханасына келіп, қазақ ақын-жазушыларының еңбектерін оқимын. Әсіресе ұлы ақынның шығармаларын оқып тұрамын. Оқу эстафетасын естіген бойда менде қатыссам болама деп кеп тұрмын, – деді жазасын өтеуші Т есімді азамат.
Оқу эстафетасына қатысқан азаматтар Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Қара сөздерін», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдерін орындады.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<