Жазатайым оқиғалар – жауапсыздықтан

1326

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметінің бастығы Нұрсұлтан Ибрагимов  белгіленбеген су айдындарында шомылу шараларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Биыл су айдындарында 15 жазата­йым оқиға тіркелді. Салдарынан 16 адам қайтыс болды. Оның 7-уі бала. Басты себеп – қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылғаны. Сонымен қатар суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмеу бақытсыз жағдайлардың көбеюіне ықпал етуде. Табиғат аясына, өзен-көл жағалауларына демалысқа шығатындар да қауіпсіздік шараларын ұстанбайды. Салдарынан оқыс оқиға орын алуда.

Шомылу маусымы кезеңінде төтенше жағдайларға ден қою үшін департаменттің жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары әзірлікке келтірілді. Жедел-құтқару техникалары, жүзу құралдары, сүңгу құрал-жабдықтары, жеке құрамның жабдықтары, құтқару құралдарының пайдалану дайындығы тексерілді.

Аудандық төтенше жағдайлар және аудандық білім бөлімдері бірлесіп, «Суға шомылу маусымында облысымыздың су айдындарында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау» туралы бейнеселекторлық режимде «дөңгелек үстел» өткізді. Төтенше жағдайлар басқармасы мен жедел құтқару жасағының қызметкерлері «суға шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында  онлайн түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл шараларға 44 мектеп қамтылды.

Сондай-ақ, облыс аумағындағы су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық 328 рейд жүргізілді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<