Жазғы демалыстың жауапкершілігі

344

0

Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен оқу жылының аяқталуы, каникул кезінде оқушылардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты бірқатар тапсырма жүктелді.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты.

Өңірімізде оқу жылының аяқ­талуы, жазғы каникул кезінде бала­лардың сауықтыру демалысын ұйым­­дастырудың арнайы кешенді жос­пары бекітілген. Оған сәйкес тиісті ұйымдастыру-дайындық жұ­мыс­­тары жүргізілуде.

Биылғы оқу жылын 339 мектепте (300 мемлекеттік, 39 жекеменшік) 184 924 оқушы аяқтайды, 172 116 оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарлануда.

Аймақта қала сыртында орна­ласқан 8 лагерьде, орта­лықтарда 7 ауысымда 7 мыңнан астам бала дем­алыспен қамтылады. Бүгінде ла­­герьлерде ағымдағы жөндеу жұ­мыстары толық аяқталып, мате­риал­­дық-техникалық жабдықтары жаңартылды.

Бұдан бөлек, «Қазақстан хал­қына» қорының демеушілігімен 766 оқушы Түркістан, Ақмола об­лыс­­­тарында, 4583 оқушы де­меу­ші­лер мен кәсіподақтар есебінен Ал­маты, Түркістан облыс­тары мен Шым­кент қаласындағы сауық­тыру лагерьлерінде тынығады.