Жазушы Айжарық Сәдібекұлы дүниеден озды

1792

0

Жазушы, журналист Айжарық Сәдібекұлы 81 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Қарымды қаламгер еңбек жолын облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінен бастаған. Саналы ғұмырын осылайша журналистикаға арнады.

Республикалық «Сұхбат» және халықаралық «Түркістан» саяси газеттерінің Ақтөбе, Қызылорда облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметтерін абыроймен атқарды.

А.Сәдібекұлы – «Дария жыры», «Көктемін күткен ару», «Аққұмның ақ түндері», «Бал айы», «Ашық мұхитқа шыққан алып», «Жұмыр жерде біз бармыз» кітаптарының авторы. Былтыр екі томдық «Парасат майданы», «Дарияның тұмасынан қар боратқан» атты кітаптары жарық көрді.

Сондай-ақ, көп жылғы шығармашылық еңбегі үшін бірқатар ұйымдардың Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталған, облыс әкімінің 2003 және 2009 жылдардағы стипендиаты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<