Жазушының 80 жылдығына арналды

1867

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада белгілі жазушы-журналист Жақсылық Түменбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Құндылық қорықшысы» атты еске алу кеші өтті. Ондағы мақсат – жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, өзіне ғана тән мөлдірлік, тазалық бар, қазақтың қанына сіңген озық дәстүрлерін әспеттейтін шығармаларын насихаттау.

Кешке ардагер-журналист Қ.Мырзахметов, қоғам қайраткері С.Әбішев, жазушы Б.Ұзақбаев, журналист-жазушылар Ш.Қазығұл, Е.Әбіл, Қ.Әбдуов, Ж.Таңрықбаев, Н.Көбегенұлы, жазушының ұлы М.Түменбаев және жақын туыстары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Кешті ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрайымы Қ.Есімсейітова жүргізді.

Кеш қонақтары сыршыл да лирикалық әдемі прозасымен қазақ әдебиетінің өркендеуіне үлес қосқан жазушы Жақсылық Түменбаевтың ұлттық болмысымызды шынайы бейнелеген шұрайлы шығармалары туралы ой бөлісті. Балалары әке деген сөзге сыятын барлық қасиетке, барлық жақсылыққа, барлық кереметке ие нағыз əке бола білгенін жеткізді.

С.Нұрымбетовтің Ж.Түменбаевқа арнаған «Іздедім сені» атты арнау өлеңін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Е.Есқали мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар облыстық филармония әншісі Т.Өтенова ән-жырдан шашу шашты. Осы күні жазушының шығармалары топтастырылған жаңа кітап оқырман қауымға жол тартты.

Көпшілік назарына жазушының шығармашылығына арналған «Қаламы құдіретті жазушы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<