ЖАЗҒЫ ТАНЫМДЫҚ МЕКТЕП

378

0

Жазғы танымдық мектеп – оқушылар үшін ең пайдалы әрі тиімді демалыстың бірі. Қызыл­орда қаласындағы Оқушылар сарайы жанындағы балаларға арналған танымдық мектеп осының айқын дәлелі. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, балалардың танымдық деңгейін арттыратын шара жаз мезгілінде 12 күн бойы үш ауысым бойынша жұмыс істейді. «Жазғы уақытты тиімді пайдалану мақсатында спорттық, интеллектуалды, мәдени- танымдық сынды сан бағыттағы іс-шаралар мен ойындар жоспарлаймыз» – дейді топ жетекшілері.

Кез келген мектеп оқушысы үшін жазғы мектептің есігі әрдайым ашық. Күн сайын таңертең шараның ашылу салтанатында таңғы жаттығу жасайды. Кейін топ жетекшілері балаларды спорттық жаттығулар мен ойындар арқылы тынықтырып, қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасатып, демалыс паркінде ойындар ұйымдастырады. Балалар қызықты мультфильмдер тамашалай алады. Сондай-ақ, мұндағы оқушылар күнделікті дәруменді тағамдармен түстенеді. Қызықты шаралардың бірі – танымдық-интеллектуалды ойындар. Мұндай бағыт – жаңа технологиялық, мультимедиялық әдістер арқылы жеткіншектердің шет тілдерін үйренуіне көмек береді.

Балалық шақтағы ұмытылмас естеліктер жазғы демалыстармен байланысты. Жеткіншектер жазғы уақытты дұрыс пайдаланып, ортаға бейімделуді үйренеді. Мұны ата-аналардың да қолдайтыны анық. Балалар ұстаздары А.Асылбекқызы, С.Баймағам­бетова, С.Қалабай, А.Өсерова, Ф.Омарова апайларына дән риза.  

Айнұр МАХАМБЕТОВА,

Оқушылар сарайының педагогы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<