Жедел штаб отырысы

581

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде аймақтың қоғамдық-саяси ахуалы мен инфляция деңгейі, азық-түлік қорын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Штаб отырысында аймақ басшысы қаңтар оқиғасы, Ресей мен Украина мемлекеттері арасындағы саяси шиеленістерден туындаған экономикалық кедергілер ұлттық валютаны әлсіреткенін айтты. салалардағы туындаған мәселелерді шешу жолын қарастырудың маңызына тоқталды.

– Мемлекет басшысы орын алған негативті факторларға жедел әрекет ету мақсатында Дағдарысқа қарсы штаб құру тапсырмасын берген болатын. Біз штаб отырыстарында экономиканың барлық салаларында сыртқы негативті факторлардың салдарынан орын алған проблемаларды талқылап, шешу жолдарын қарастырамыз. Әсіресе, азық-түлік тауарларының, дәрілік препараттардың тапшылығын болдырмау және олардың бағасын тұрақтандыру. Жергілікті деңгейде шешілу мүмкіндігі жоқ мәселелерді орталық атқарушы органдар қарауына ұсынамыз, – деді облыс басшысы.

Жиында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы аймақтың қоғамдық-саяси ахуалы туралы, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы  инфляция деңгейі мен жедел әрекет етуді талап ететін көктемгі егіс жұмыстарын үйлестіру мәселелері бойынша нақты ахуалды баяндады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев бірқатар өнім бағасы өскенін айтып, қант, ұн қорына қатысты тапшылықты болдырмаудың жолдарын айтты.

Қантқа байланысты туған жасанды дүрбелеңнің әсерінен сұраныс ұлғайып, алыпсатарлыққа ұласты. Қазіргі уақытта көтерме-бөлшек сауда орындары қантты  350-380 теңге аралығында сатуда. Қантқа сұраныс бәсеңдеді. Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 68 тонна қант бар. Ал, ұн бағасын ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорында 344,2 тонна ұн, 35 тонна макарон өнімдері бар. Сонымен бірге Жетісай ауданы диқандарынан форварттық сатып алу арқылы 100 тонна ерте пісетін қырыққабат алу жөнінде келісім-шартқа қол қойылып, қаржысы аударылды.

Мұнан бөлек ҚР Ұлттық банкі Қызылорда филиалының директоры Әсет Мұстафин екінші деңгейлі банктердің несие беру мәселесінде аймақта қалыптасқан жағдайға тоқталды.

Штаб отырысын қорытындылаған облыс әкімі бірқатар нақты тапсырмалар берді. Айта кетейік, бұдан былай жедел штаб отырысы екі аптада бір рет өткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<