Жеке қаржылық бастама бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қызығушылық білдірушілер бойынша сұраныс білдіру туралы хабарлама

449

0

«Қызылорда облысының бі­лім бас­­қар­масы» мемлекеттік мекемесі «Мем­­ле­кет­тік жеке­шелік әріптестік жобаларын жос­парлаудың және іске асыру­дың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұй­рығы негізінде «мемлекеттік-жеке­шелік әріп­тестік  жобаларын жос­­парлауды іске асы­ру­дың кейбір мәселелері туралы» жобасын іске асыруға жеке қар­жылық бастама бойынша қызы­ғу­шылық білдірушілер бойынша сұра­ныс білдіретіндігін хабарлайды. Қызыл­орда қаласындағы «СПМК-70» мөлтек ауда­нын­дағы 320 орындық балабақша құрылысы.

1. Жобаның мақсаты: 

Қызылорда қаласы «СПМК-70» мөлтек ауданы әкімшілік-аумақ­тық орталықтың қажет­тілігін қана­ғат­тандыру үшін 320 орындық бала­бақшаны құру, мектеп жасына дейінгі балаларды жоғары сапалы, үздіксіз мек­тепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету.

2. Жобаның техника-эконо­ми­ка­лық талаптары: 

1) Объектінің орналасқан орны – Қазақстан Республикасы, Қы­зылорда қаласы, «СПМК -70»  мөлтек ауданы

2) Қызылорда қаласының «СПМК-70» мөлтек ауданы әкім­шілік-іскерлік орталықтың аума­ғында мек­тепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ететін 320 орындық бала­бақшаны құру.

3) Қызылорда қаласының «СПМК-70» мөлтек ауданы жаңа әкім­шілік-аумақтық орталық, аума­ғында бала­бақ­шалардың болмауына байланысты әлеуметтік шиеленісті төмендету және әлеуметтік мәсе­лелерді шешу.

4) Қызметкерлерге тұрақты табыс алуға мүмкіндік беретін 91 жаңа жұмыс орнын ашу.

3. Басты көрсеткіштері: 

– мектепке дейінгі балаларды оқыту және  тәрбиелеу;

– мектепке дейінгі балалардың бас­тамасын, қызығушылығын, еркін­дігін және өзінің шығар­ма­шылық өзіндік жетілдіруі дағды­ла­рын дамыту;

– балалардың мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудегі білім беру бағ­дар­ла­ма­ларын меңгеруі үшін жағ­дай жасау.

4. Байланысу деректері: 

«Қызылорда облысының білім бас­қар­масы» мемлекеттік меке­месі, тел 8/7242/ 605460, электронды пошта:e.alpisbaev@korda.gov.kz жауапты орын­даушының А.Т.Ә. Жоспарлау және есеп жүргізу бөлі­мінің бөлім басшысы  Е.Алпысбаев.

5. Жоба ұсынысын берудің түпкі­лікті мерзімі: бұқаралық ақпарат құрал­дарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<