Жеке куәліктің қажеті болмайды

461

0

Қазір елімізде цифрлы даму мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Жаңашыл бағыт қаптаған қағаз құжаттар айналымын азайтып, кез келген саладағы қызметті тұтыну кезінде сапа­ны арттырып, уақытты үнемдеуге негізделген. Енді азамат­т­ардың нотариалдық келісім жасау кезінде жеке куәлікті қолданбай-ақ қоюына мүмкіндік беретін қызмет іске қосылмақ.egemen.kz

Жеке куәліктің қажеті болмайды

Жаңашыл бастаманың тағы бір ерекшелігі – QR-код көме­гімен нотариуста ресімделген кез келген құжаттың қаншалық­ты түпнұсқа немесе жалған екенін де ажыратуға болады.

Әділет вице-министрі Аза­мат Әмірғалиевтің айтуынша, министрлік пен республикалық нотариалдық палата бірлесіп қолға алып отырған жоба аясында е-нотариат ақпараттық жүйесі мен egov mobile қосым­шасын да интеграциялау көз­дел­ген.

Интеграция осы аптада аяқ­талады. Келесі аптадан бастап ел азаматтары нотариалдық қызмет көрсету кезінде электронды жеке куәліктерін пайдалана алады.

– Келесі жылдан бас­тап Бірыңғай нотариаттық ақпарат­тық жүйеде нотариаттық құжат­тарды сақтау үшін орталық­тандырылған электронды репо­зиторийді құру жоспарлануда. Болашақта нотариустар қа­ғаз архивінен бас тартады. 2021 жылдың 1 шілдесінен бас­тап жылжымайтын мүлік пен мәмілелерді ресімдеу кезінде экс-аумақтылық енгізіледі. Егер бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелер нотариустың орналасқан жері бойынша куәландырылған бол­­са, енді тараптар оның ор­на­­­лас­қан жеріне қарамастан кез келген нотариусқа жүгіне алады. Бұдан басқа, әрбір нотариаттық іс-әрекетке QR-код беріледі. Бұл бірегей болып табылады және құжатты бұрма­лаудан қорғауды қам­та­ма­сыз етеді. Халыққа ыңғай­лы болу үшін электронды құ­жат­тың қағаз құжатқа тең екен­дігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілді және керісінше, бұл азаматтарға қажетсіз жол жүру­ден, поштамен және курьерлер арқылы жіберуден құтылуға мүм­кіндік береді, – дейді вице-министр.

Сенімхаттың түпнұсқалы­ғын QR-код бойынша смарт­фон­дағы қосымшаның көмегі­мен немесе құжаттың сандық ко­ды бойынша enis.kz сайтында Сервис – Сенімхатты тексеру бөлімінде тексеруге болады.

Сонымен қатар нотариаттық құпия ұғымы анықталып, оны сақтауға міндетті адам­дар тобы құрылмақ. Шағым­дар­ды республикалық дең­гей­де қарайтын орган заң­ды түрде бекітілді. Ен­ді жергі­лікті жерлердегі тәр­тіптік ко­мис­сиялардың шешім­дері­мен келіспеген жағдайда аза­маттарға жаңадан құрылған органға шағымдануға мүмкіндік берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<