Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев кезектілікке сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, талап-тілектерін тыңдады.
Келген тұрғындар аудан басшысына мәселелерін жеке-жеке жеткізіп, оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Қабылдауға келушілердің басым бөлігі тұрғын үй мәселесін көтерді. Одан бөлек, жер кезегі, тұрақты жұмысқа орналастыру және өздерін мазалаған жеке түйткілдерін жеткізді.
Қабылдау барысында Мұхтар Әуесұлы әрбір тұрғынды тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерге қатысты жауапты қент, қала әкімдері мен сала басшыларына тапсырма жүктеді.
©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<