Жекеменшік балабақшаның балалары жаппай уланып қалды

392

0

Фото: ҚазАқпарат

Қазір тамақтан уланған балалардың саны 34-ке жетті. Аталған жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Келес ауданында болды. 24 маусым күні таңғы астан кейін, яғни сағат 11:00 шамасында балалар өздерін жайсыз сезіне бастаған. Содан бөбекжай-балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы дәрігерлік көмектер көрсеткен. Қазір ауруханаға түскен балалардың жағдайын дәрігерлер жіті бақылап отыр.

«Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалардың улану жағдайы Түркістан облысы білім басқармасының назарына алынды. Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы, сүттің құрамы сараптамаға жіберілген. Ауруханаға жөнелтілген балалардың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында. Жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды», – делінген Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<