Жел, көктайғақ, боран: 2 қаңтарға арналған ауа райы

881

0

Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК мамандары 2 қаңтар, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Суық антициклон әлі де еліміздің шығыс және солтүстік өңірлерінің ауа райына қыпал ете береді. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын, көктайғақ болады және жел күшейеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында,

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі, Алакөл көлдерінің ауданында жел – 18-23, екпіні – 29 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жел қарқыны – 18 м/с. Жаяу бұрқасын соғып, облыстың шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында желдің күші – 15-20 м/с. Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, Маңғыстау облысының солтүстігінде – көктайғақ, Қызылорда облысының орталығында, түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарда тұман түседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<