«Жел күшейіп, шаңды дауыл соғады»: Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

167

0

Фото: ашық дереккөз

Қазгидромет елімізде 20-22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Болжамға сәйкес, еліміздің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай мен екпінді жел соғуы мүмкін. Республиканың тек оңтүстігі және батысында қатты жаңбыр жаумауы ықтимал. 21 тамызда Қазақстанның оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

22 тамыз күні республиканың шығыс бөлігінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 

“Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +16+25, батыс пен оңтүстікте +22+35°C болса, шығыс пен оңтүстік-шығыста сынап бағанасы 23+33°С жоғарылауы ықтимал”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер қыркүйек және қараша айларында ауа температурасының әдеттегіден төмен болатынын айтқан еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<