Желдің салдарынан мектептің шатыры ұшып кетті

746

0

🔹2023 жылдың 18 қараша күні қатты желдің әсерінен сағат 09.15 шамасында Жалағаш кенті, М. Шәменов көшесінде орналасқан Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейдің шатыры құлаған.
🔹Қазіргі таңда оқиға орнында төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылып, шұғыл шаралар қабылдануда. Адам шығыны жоқ. Нысанның барлық аумағына кезекшілік қойылып, бақылауға алынды. Барлық әлеуметтік нысандарға Жалағаш ауданы әкімдігі тарапынан кезекшілік қойылған.

🔹Осыған орай Жалағаш ауданы тұрғындарына қолайсыз ауа-райына байланысты қауіпсіздік ережелерін сақтап, желді күні қоқыс өртемеу қажеттігін және дауыл күні ұзақ жолға жалғыз шықпауларыңызды сұрайды.

Жалағаш ауданының әкімдігі

Жалағаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<