Желіде бесік тойында құндыз тон киген сәби қызу талқыға түсті 

741

0

Видеода сәбидің нағашы әжесі жиен немересіне әртүрлі бағалы сыйлықтар бергені көрсетілген.Әйел адам немересіне қыз жасауын жасағандай киімдері мен ойыншықтар сыйлады. Тойға жиналған қауымға әр дүниесін жеке-жеке көрсетіп, қызы мен күйеу баласына ақшалай сыйлық табыстады.

«Мына картада 1 млн теңге ақша бар. Оны ата-анасы Жұлдызбек те, Алинұр да ала алмайды. 18 жасқа дейін жиналады», – дейді видеодағы әйел.

Бесік тойы өтіп жатқан Айлуна құндыз, ішік тонның түр-түрін киіп, жиналған жұртты таңғалдырды. Әжесі немересіне 3-4 жасқа дейін төрт мезгіл киетін аяқ киімдері мен сырт киімдерін түгендеп, сыйға тартты. Онымен қоса әдемі көйлектері де бар.

Желі қолданушыларының бірі сәбиге қызыға қараса, енді бірі үлкендердің бұл ісін мақтаншақтыққа балады.«Бүкіл әлемнің қыздары Айлунаға қызығатын шығар», «Не деген бақытты сәби», «Бір жола ұзатып жібермедіңдер ме?», «Күйеуге тигенде не берер екен», «Қызды осылай құрметтеу керек», «Көрпеңе қарай көсіл», «Мына киімдерді киіп үлгермейді ғой», «Мынадай киімдер менің артымнан келмеген», «Дым көрмегендік», «Мақтаншақтық қой», – деп видео астында пікір қалдырды желі қолданушылары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<