Желілік полиция бөліміндегі мереке

1236

0

Көліктегі Полиция Департаменті Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің ұжымы нәзік жанды әріптестерін құттықтады. Бөлім бастығы полиция полковнигі Д.Мақсұтов ұжымның әйел азаматтарына деген ыстық лебізін білдіріп, ҚР ІІМ-нен және Көліктегі ПД-нен келген медальдар мен мақтау қағаздарын табыс етті.

Ал, Қызылорда ст. ЖПб-нің жеке құрамы бірге қызметтес әйел азаматтарға гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтарды табыстады.
Салтанатты жиынның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Қызметкерлер және арнайы осы кешке шақырылған трио өздерінің аналарға деген әндерін тарту етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<