ЖЕМ-ШӨП ДАЙЫНДАУҒА ҚАЖЕТТІ ЖЕР КӨЛЕМІН КЕҢЕЙТКЕН ЖӨН-МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ

522

0

Егіс алқаптарына қатысты ғарыштық мониторинг және қашықтан зондтау мүмкіндігін кеңінен пайдалану керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Ауа райының қолсайсыздығы мал шаруашылығындағы түйткілді мәселелер бар екенін көрсетті. Біз жедел шара қабылдап, жем-шөп тапшылығына байланысты ахуалды реттедік. Дегенмен, бұл салада әлі де жүйелі жұмыс атқару керек. Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн, сондай-ақ егіс алқабына әр жылы әртүрлі жақыл егу талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейткен абзал», – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент ғарыштық мониторинг және қашықтан зондтау мүмкіндігін кеңінен пайдалану керек екенін атап өтті.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<