Жемқорлықпен күресте қырағылық керек

519

0

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселе. Сондықтан негізгі басымдықтардың бірі – осы ­кеселмен күресу.

Әрбір қоғам дамуының күнгей жағы мен көлеңкелі тұсы қатар жүретіні белгілі. Экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуге, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуіне бағытталған шаралар жасалып жатқанда алға басқан қадамды кейін тартып, дамуға тежеу болған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің маңызы зор.

Сыбайлас жемқорлық – әлеу­меттік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру және инвестициялар тарту процесін баяулатады. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Ветеринария ­саласы бойынша да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жоспар бо­йынша жүргізіліп отырады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер заң талаптарына сәйкес, жұмыс кестесі бойынша, алдын ала жазылусыз кезекпен жүргізіледі. Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа байланысты арнайы стендтер ілінген. Қазір барлық салада электрондық жүйе түбегейлі болмаса да, біршама функциялар компьютер­лік базамен жүргізілуде. Бұл жүйе ветеринария саласында да жүзеге асуда. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. 

М.НАБИЕВА,

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 

 Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясының 

бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<