Жемқорлық – дамудың тежегіші

734

0

«Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес жүргізу – мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз ету­дің қажетті шарты. «Кез келген мемле­кеттік құрылыстағы басты нәрсе – заңдарды лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ»  деген екен ойшыл, ғалым Аристотель.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы күрес – бүгінгі күнгі күр­делі мәселелердің бірі. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл дерт саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқ­самайтын әлемдегі барлық ел­дердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық   көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету, жем­қорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу. Осы заңда, мемлекеттік міндетті атқаратын және оларға теңестірілген адамдар­дың ла­уа­зымдық өкілеттігін, мүм­кіндіктерін пайдалана отырып, пайда табуы сыбайлас жемқорлық деп анықталған.

Әрбір қоғам дамуының күн­гей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар. Елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, эко­но­ми­калық жоғары даму дең­гейіне же­туі мен халқымыздың демо­гра­фиялық өсіп-өнуін көз­деген шаралар кезінде алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – азаматтық парызымыз.

Әсем ТЫНАРБАЙ,

облыс бойынша экология

департаментінің

бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<