Жемқорлық тақырыбында ашық алаң өтті

303

0

Облыстық қоғамдық даму басқармасы тапсырысымен «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» және «Жемқорлық қоғам дерті» тақырыптарында сұхбат алаңы өтті.

Шараға спикер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Ысқақов Мұрат, білікті заңгер Бейс Руслан Достанұлы қатысты.

Шара барысында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру түсіндіріліп, бейнеролик көрсетілді.

Қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша қолданыстағы бағдарламалық құжаттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері, сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша статистиканы ұсыну, мемлекеттік органдардың азаматтар алдында есеп беруін, ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету тетіктері туралы хабардар етті.

Шараларға мемлекеттік қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<