Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

203

0

Жемқорлықпен күрес тек құзырлы органдардың міндеті деген қателік болар. Қоғамда оның орын алмауына кез келген адамның үлес қосуына мүмкіндік бар.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кез келген шараға бейжай қарауға болмайды. Өйткені біз оған қарсы шараларды ұйымдастыру арқылы қоғамның иммунитетін қалыптастыруға қол жеткіземіз. «Жаңадария» ауылдық округі әкімдігінде де әкімдік қызметкерлерінің қатысуымен жемқорлыққа қарсы шаралар ұйымдастырылып тұрады. Өйткені, әсіресе елге қызмет ететін азаматтар одан ада болуы керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң нәтижесін беріп келеді.

Мұнда жемқорлыққа қарсы қоғамдық қатынастарды реттеу, құқықбұзушылықтардың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сынды басымдықтар нақты көрсетілген.

Осының аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттеріне байланысты іс-шаралар жиі өткізіліп келеді.

Біз дамыған елдер қатарына жетуіміз үшін бірінші кезекте оған қарсы шараларды күшейткеніміз абзал. Жемқорлықтың жолы кесілмей нақты һәм ортақ мақсатқа қол жеткізу оңай емес. Осыны терең бағамдап, болашағымыз үшін әрбіріміз жауапты болуымыз керек деп ойлаймын. 

Дастан АЛТЫБАЕВ,

«Жаңадария» ауылдық

округі әкімі аппаратының бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<