Жемқорлықпен күрес те, алдын алу да маңызды

423

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады.

Президентке елімізде сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы қызметтің есебі берілді.

Мемлекет басшысына ведомст­во­ның жұмысында сы­бай­лас жемқорлықтың алғы­шарт­тарын жоюға баса назар аударылғаны баяндалды.

Асхат Жұмағалидың айтуын­ша, сыбайлас жемқорлық тәуе­кел­деріне сырттан талдау жүр­гізу кезінде жерді бөлу және Ал­ма­тының қала құрылысын дамыту ісін жоспарлау барысын­да жиі қайталанатын заң бұзу­шы­­лықтарға жол берілгені анық­­талды.

Сонымен қатар кездесуде Мемлекет басшысына білім беру са­ла­сындағы бюджет­тік өті­нім­дерді әзірлеу тетік­те­рінің жетіл­дірілмегеніне, қыз­мет­кер­лерді бір орталықтан есеп­ке алудың болмауына және қаржы жымқыруға әкеп соқ­тырған бухгалтерлік жүйе­лердің қазынашылықтағы деректер базасымен бірік­тірі­луіне байла­нысты тәуекелдер анық­талғаны жөнінде ақпарат берілді.

Президент бұл саладағы сы­байлас жемқорлық факті­лерінің алдын алу маңызды екенін және процестерді цифрландыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл­ғы 6 айда 130 нысанға тал­дау және мониторинг жүр­гізіл­гені, жемқорлықты жоюға қа­тыс­ты 1000-нан астам ұсыныс ен­гі­зіл­гені туралы мәлімет бе­рілді.

Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік тос­­қауылдарды жою үшін «Бизнеске жол» жобасын жүзе­ге асыру ісі жалғасады. Бұл бас­тама қолға алынған сәттен бері 21 мың бизнес субъектісіне көмек көр­сетілді, 400-ден астам түйткілді кейс шешімін тапты.

Бұдан бөлек, Асхат Жұма­ғали Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыбай­лас жемқорлыққа қа­тыс­­ты бірқатар заң бұзу­шы­лық­тың, соның ішінде олиго­полия өкіл­дері жасаған заң­сыз әрекеттердің жолын кесу, сон­дай-ақ кел­тірілген шығын­дарды өтеу және активтерді қайтару шаралары туралы баяндады.

Жыл басынан бері елімізде 1000-ға жуық сыбайлас жем­қорлыққа қатысты қылмыс тіркелді, 700-ден астам адам әшкереленді, оның 98-і – түрлі деңгейдегі басшылар.

Сотқа дейінгі аяқталған тер­геу амал­дарының нәтижесі бо­йын­ша 232,6 миллиард теңге өтелді.

Жалпы, 1,5 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 860 миллиард теңге көлемінде мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жем­қорлыққа қарсы жүйелі жұмыс­тарды жалғастыруды, әсіресе әлеуметтік маңызы бар са­ла­ларға баса мән беруді тап­сырды. Сондай-ақ алдын алу шара­ларының аса маңызды екенін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<