Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауын ұсынды.
Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес мәселесі күн тәртібінен түскен емес.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық біздің қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылады. Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған.
Осыған орай, орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет екендігін атап өтті.
Сыбайлыс жемқорлық – лауазымды адамды сатып алумен және ресми қызметтік өкілеттікті онымен байланысты беделді, мүмкіндікті, байланысты бас пайда үшін пайдалануды сипаттайтын әлеуметтік құбылыс. Сыбайлас жемқорлық тек ақша алумен ғана шектелмейді. Ол қандай да бір қызмет көрсету, мәртебе көтеру саяси ықпал жасау және т.б. формаларда болуы мүмкін.
Заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге және олардың жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті сараптама жүргізу біздің елімізде әкімшілік реформаны табысты іске асырудың басты шарттарының бірі болып табылады.
Бұл механизм нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу сатысында ықтимал сыбайлас жемқорлыққа жол берілуі мүмкін жағдайларды анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.
Қабылданған актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына сәйкес келуі тиіс.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдарының жалпыға міндетті, азаматтардың құқықтарына, міндеттеріне және бостандықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады.
Әділет органдарының басты мақсатының бірі – ол нормативтік құқықтық актілерге заң сараптамасын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа негіз болатын нормалардың алдын-алу, мұндай актілердің тіркелуіне жол бермеу.
Аталған мәселе бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiндегi қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында әзiрленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілде № 451 қаулысымен бекітілген «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес барлық нормативтік құқықтық актілердің жобасы бойынша ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етуі қажет.
Сараптама қабылданатын нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін анықтау және нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың ықтимал келеңсіз зардаптарын анықтау үшін жүргізіледі.
Акт жобаларының ғылыми сараптамаларының барлық түрлерін олардың өлшемдерін, міндеттерін, сондай-ақ оларды жүргізу сатыларын анықтау арқылы нормативтік бекітудің маңызы зор. Сараптама нақ осындай көзқарас құқық шығармашылығы процесі барысында нормативтік құқықтық актілер қабылдаудың қаржы-экономикалық, әлеуметтік-саяси салдарларын толықтай есепке алуға мүмкіндік береді.
Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мақсаты – нормативтік құқықтық актінің жобасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды анықтау және анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларынан басқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулыларының, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң жобалары мiндеттi тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жасауға жатады.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүктеледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жолданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларының ғылыми сараптамасын қаралатын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының мазмұнына қарай, тиiстi бейiндегi ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары жүргiзедi.
Қорыта айтқанда, нормативтік құқықтық актілердің сапасын көтеру үшін, заңдарды бұрмалауға мүмкіндік бермеу үшін осы аталған сараптама жүргізілуі тиіс.
Қоғам және заңға бағынышты азаматтар заңдардың обьективті және жетілдірілген болуын қалайды, ал сапасыз заңнама сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептердің бірі болып табылады.
Н. Арзықұлова,
Қызылорда облысы Әділет
департаментінің бас маманы,
Қазақстан Республикасының
Заңгерлер одағының мүшесі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<