Жемқорлыққа жол бермеу маңызды

451

0

Қоғамдық Даму Басқармасының тапсырысымен Сұңқар Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» және «Жемқорлық қоғам дерті», «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» тақырыптарында сұхбат алаңдары өтті.

Шараға спикер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкері Жанар Жалғасбайқызы, білікті заңгер Руслан Достанұлы қатысты.

Шара барысында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру түсіндіріліп, бейнеролик көрсетілді.

Негізгі мақсаты: Қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша қолданыстағы бағдарламалық құжаттар (жоспарлар, баяндамалар, жол карталары және басқалары), сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері, сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша статистиканы ұсыну, мемлекеттік органдардың азаматтар алдында есеп беруін, ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету тетіктері туралы хабардар ету.

Шараларға мемлекеттік қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдарының қызметкерлері қатыстырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<