Жеңімпаз атанды

1462

0

Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінде Жеңіс күні мен Көбек бабаны еске алуға арналған «Бабаны ұлықтау – ұрпақтар парызы» атты облыстық ақындар айтысы өтті.

Облыстық ақындар айтысын аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, ақындарға сәттілік тіледі. Ақындар айтысының тізгінін белгілі айтыскер ақын, «Алтын домбыраның» үш дүркін жеңімпазы Мұхтар Ниязов қолға алып, жүргізіп отырды.

Айтыс аламанына 8 ақын қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде Арал ауданынан келген ақын Ержеңіс Әбдиев жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші, үшінші орындарды аралдық ақын Бексұлтан Орынбасаров пен қызылордалық ақын Мөлдір Айтбай өзара бөлісті.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<