Сырдария ауданының «Жетікөл» ауылдық клубында «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «АРТ уақыт» жобасы аясында Ұлы Жеңіс мерекесінің 80 жылдығына орай «Майданнан хат» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға ереже бойынша аудан орталығына қарасты елді мекендерден 10 талапкер қатысты.
Бірінші кезеңде – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай майдан даласында жазылған жауынгерлердің хаттарынан 1 шығарма, екінші кезеңде патриоттық тақырыпта (ел, жер, Отан, т.б) қазақ ақындарының 1 шығармасын жатқа мәнерлеп орындау болды. Сонымен қатар Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ақбота Асанова, «Жетікөл» ауылдық кітапханашысы Кенже Сейтпанова және облыстық, аудандық ақындар мүшәйрасының жүлдегері ақын Қанат Көзейбай байқауға төрелік етті. Қорытындысында бас жүлдені «Шіркейлі» ауылынан Махамбет Абылай, І орынды Махамбет Іңкәр («Бесарық» ауылы), ІІ орын Темірбекұлы Жансұлтан (Қалжан ахун ауылы), Жорабек Айсана («Қоғалыкөл» ауылы), ІІІ орын Нақыпбек Бақдәулет («Жетікөл» ауылы), Маханбетова Зере (Нағи Ілясов ауылы), Еділбай Нұраддин («Іңкәрдария» ауылы) иеленсе, Қайрат Мадина («Айдарлы» ауылы), Жұбатқан Нұртөре (Аманкелді ауылы), Әбенов Жансыл (Сырдария аудандық мәдениет үйінің қатысушы) арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шара соңында «Жетікөл» ауылының термешісі А.Утеуов жауынгер ақын Нұрсұлтан Жұбатұлының «Хат жазамын майданнан», «Жетікөл» ауылынан майданға аттанған Мешітбай Алтынбаевтың «Туған ауылыма», жауынгер ақын Әбзали Егізбаевтың «Сағынтты» шығармаларын орындады.
«СБ» ақпарат





