Жеңіс күні аталып өтті

922

0

Бүгін Шаған ауылында 9 мамыр – Жеңіс күні мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығын кең көлемде атап өтті.
Салтанатты жиынға ауыл ардагерлері мен ауыл тұрғындары соғыста қаза болғандарға арнап “Тағзым” алаңына салтанатты түрде гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ауыл әкімі Нұғыман Смайлов ауыл тұрғындарын Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Жеңіс күні аталып өтті

– Қашанда Отан үшін оққа кеудесін тосқан жауынгер ерлігін ұмытпау, бүгінгі бейбіт өмірді ұрпаққа аманат ету біздің перзенттік парызымыз. Жеңіс күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз. Ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған алдыңғы буын алдында өлшеусіз қарыздармыз, – деді ол.

Мерекелік шарада көпшілік өнерпаздардың соғыс жылдарындағы түрлі әндерді тыңдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<