Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, аудандық жер комиссиясының төрағасы Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен жер комиссиясының отырысы өтті.
Жер комиссиясының отырысына аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі тарапынан 8 мәселе ұсынылып, жер комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесімен мемлекеттік мекемелерге жер учаскелерін табыстау бойынша 4 мәселе мақұлданды.
Келесі мәселелер бойынша тұрғын үйлерге қосымша жер учаскелерін беру бойынша да тараптардың мақұлдауымен хаттамалық шешім оң нәтижесін тапты.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<