Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, аудандық жер комиссиясының төрағасы Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен жер комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі тарапынан 27 мәселе ұсынылып, жер комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесімен мемлекеттік мекемелерге жер учаскелерін табыстау бойынша 5 мәселе мақұлданды. Жер комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесімен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша 12 мәселе шешімін тапты.
Келесі мәселелер бойынша тұрғын үйлерге қосымша жер учаскелерін беру бойынша да тараптардың мақұлдауымен хаттамалық шешім оң нәтижесі беріп, ұсынылған 3 мәселенің қайта зерттеуді қажет етуіне байланысты кейінгі отырысқа қалдырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<