Жер сілкінісі салдарынан бірнеше адам зардап шекті

367

0

Фото: ашық дереккөз

Иранның солтүстік-батысы Батыс Әзербайжан провинциясы Хой қаласында болған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер саны 816-ға жетті, 3 адам қаза тапты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы жексенбі күні провинция губернаторы Мохаммад Садег Мотамедян мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала бағалау бойынша, зілзала 2 қала мен 70-тен аса ауылға нұқсан келтірген, 20-50% ғимарат бүлінді, деп атап өтті ол.

Магнитудасы 5,9 балдық жерасты дүмпуі 28 қаңтарда Иранның солтүстік-батыс бөлігінде тіркелді. Зілзала ошағы 175 мың адам тұратын Хой қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде болған. Оның тереңдігі – 7 км.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<