Жер сілкінісі Жетісу облысында да сезілді

527

0

Фото: Kazinform/Александр Павский

Жер сілкінісі Жетісу облысында да сезілді.

Жер асты дүмпуін облыс орталығы – Талдықорған қаласының, Текелі қаласының және Панфилов ауданының аумағындағы тұрғындар алдымен байқаған.

Жетісу облысы ТЖ департаментінің хабарлауынша, аймақта зілзаладан зардап шегу туралы қандай да бір мәлімет тіркелмеген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 4 балдық жер сілкінісі сезілгенін жазған едік. 

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<