Жер учаскілерін заңсыз пайдаланғандар жазасыз қалмайды

609

0

Облыс көлемінде биылғы жылдың сегіз айында жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы ҚР жер заңдылықтарының сақталуына арнайы тексерістер жүргізген болатын. Тексеру барысында барлығы 10,71 гектар жер учаскелер қамтылды. Нәтижесінде, көлемі 7,10 гектар болатын жер учаскелерінде 51 заң бұзушылық деректері анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанатбек Серікбаев мәлімдеді.

«Орын алған құқық бұзушылықтардың 33 дерегі бойынша әкімшілік жазалар қолданылған. Сондай-ақ, 18 дерек бойынша әкімшілік іс өндірісі қозғалмай заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілді. Бұдан бөлек, көлемі 28,89 гектар болатын 38 жер учаскелерінің жер салығының мөлшерін жоғарылату мақсатында тиісті жұмыстар атқарылған болатын. Жер учаскелерін пайдаланбаған және заңнаманы бұза отырып пайдаланған тұлғалар туралы мәліметтер Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды. Сондай-ақ, көлемі 48 056 гектарды құрайтын 178 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды»,- деді Қанатбек Қуанышұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<