Жерді жалға алу мерзімін ұзарта алмаған

474

0

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жеке кәсіпкер жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзартудан мемлекеттік мекеменің негізсіз бас тартқаны бойынша өтініш білдірді. Аталған мәселе жөнінде кәсіпкер 6 ай бойы ешқандай нақты жауап алмаған. Зерделеу барысында 2022 жылы жергілікті атқарушы органмен жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзарту жөнінде 8 кәсіпкердің өтініштерін қанағаттандырудан бас тартқаны анықталды. Департамент пен жергілікті атқарушы органның бірлесе талқылау нәтижесінде аталған кәсіпкерлердің өтініштері қайта қаралып, жер телімін жалға беру мерзімін ұзарту туралы шешім шығарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<