Жергілікті өнім: Шыныпластикалық құбырлар өндірісі

707

0

Қазбек Қуанышбаев – шыныпластикалық құбыр жасаумен айналысатын «Завод композитных труб» ЖШС-гінің директоры.

Кәсіпкер бұған дейін тек Қытай елінен тасымалданатын өнімді Қызылорда қаласында шығаруды қолға алған.

Кәсіп иесі Қазбек Қуанышбаев шетелдік өнімдерден сапасы жағынан кем түсіпейтін өнімді өндіру мақсатында 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алып, Қытай компанияларымен келісім-шартқа отырған.

Соның негізінде заман талабына сай, әрі соңғы технологиямен жасақталған шыныпластикалық құбыр өндіретін жабдықтар әкеліп, өндіріс орнын ашқан. Соңғы үлгідегі автоматты құрылғы арқылы «Стекловолокно» аталатын шикізат алдымен өріліп, кейін кептіріліп, қырқылады.

Шыныпластикалық құбырлардың бірқатар маңызды артықшылықтары бар, мәселен, қызмет ету мерзімі кемінде 50 жыл, коррозияға төзімді, электрохимиялық коррозиядан қорғаудың қажеттілігі жоқ, монтаж жұмыстарын жыл бойы жүргізе беруге болады.

Кәсіпорынның жылына 150 мың метр құбыр шығаруға қуаты бар. Бүгінде оның өнімі мұнай және газ өндірісінде қолданылуда.

Айта кету керек, кәсіпкер 2022 жылы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы ЖШС арқылы 55 млн.теңге несие алып, өнідіріс аясын кеңейтті. Мұнда 20 адам жұмыс жасауда.

Жергілікті өнім: Шыныпластикалық құбырлар өндірісі
Жергілікті өнім: Шыныпластикалық құбырлар өндірісі
Жергілікті өнім: Шыныпластикалық құбырлар өндірісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<