Жергілікті өнімдерден жәрмеңке ұйымдастырылды

442

0

Бүгін темір жол вокзал маңындағы саябақ жанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Мұнда жергілікті кәсіркерлер барлығы 5 көлікпен 15 тонна өнім әкелді. Оның ішінде ұн, өсімдік май, макарон, картоп, жуа, қырыққабат, алма, қара өрік, қияр, қауын және өзге де өнімдер төмендетілген бағада сатылды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, жәрмеңкеге шығарылған заттар базар бағаларымен салыстырғанда бірнеше пайызға арзанға ұсынылған.

Қазалы ауданы

әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<