Жерлесіміз жүлдегер атанды

619

0

Таяуда жер жәннаты Жетісуда детектив жанрының шебері, жазушы, журналист, майдангер Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойы өтті. Қасиетті Қаратал өңірінде ірге жайған ұлан-асыр тойға халық көп жиналды. Қазақ күресі, ұлттық ойындар жұртшылықты серпілтті. Әсіресе аламан бәйге ағайынның рухын бір көтерді. Сондай-ақ талантты қаламгердің құрметіне әдеби бәйге де ұйымдастырылды.

Ең маңызды проза байқауында бас жүлдені астаналық Абай Аймағамбет еншілесе, 1-орынды Самал Шаймерденова жеңіп алды. Ал екінші орынды «Кешігіп ашылған қылмыстар» әңгімесі үшін жерлесіміз Нұрлыбек Саматұлы ұтса, үшінші орынды Заря Жұманова еншіледі. Сонымен қатар публицистика жанры бойынша да үздіктер марапатталды.

Мадияр Төлеу,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<