Жеті қабатты үйлер сол жағалаудың сәнін келтірді

164

0

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге  сол жағалаудағы жеті  қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

Бас мердігерлер – «Аман құрылыс», «Орион ЛТД», «Риголит», «Промстройсервис-Е», «Абу-Сер», авторлық қадағалаушы – «Қазақ Жоба Құрылыс» серіктестіктері атқарған жұмыстарды көрді.

Сыр өңірінде мемлекеттік қолдаудың арқасында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан астам пәтер беріледі. Ұлттық жоба аясында 1154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1 819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу межеленген. Бүгінде аталған топтарға 780 пәтер сатып алынды. Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.

Тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті, 2022 жылы 683 мың шаршы метрден өткен жылы 741 мың шаршы метрге жетсе, жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғайту жоспарланған.

***

Ауқымды бастамаға оң баға

Одан әрі Өнеркәсіп және құрылыс министрі Жалағаш ауданындағы облыс әкімінің қолдауымен салынып жатқан «Руханият орталығының» құрылысымен танысты.

Азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі орталық жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Облыс көлемінде жүзеге асып жатқан ауқымды бастамаға министр  оң бағасын берді.

Сондай-ақ Жалағаш кентіндегі халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған 120 тұрғын үй құрылысы таныстырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<