Фото: ашық дереккөз
Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың қатысуымен кентте «Жеті қазына» жеке балабақшасының ашылу рәсімі өтті.
– Білімге құйылған инвестиция болашақтың игілігі жолындағы оң қадам. Осы тұрғыда білім саласына жанашырлық танытып бабалақша салған кәсіпкерге алғыс білдіреміз. Жалағаш кентінде салынған бұл балабақша 2 мен 6 жас аралығындағы 120 бүлдіршінді қабылдай алады. «Жеті қазына» ауданымыздағы көлемді балабақшалардың бірі. Жалағаштың өркендеуі жолында тың жобаларды жүзеге асырған меценаттармен біз мақтанамыз, – деді аудан әкімі.
Бүгінгі күні «Жеті қазына» балабақшасында 18 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде 10 педагог, 8 техникалық қызметкер. Қазіргі таңда 2-6 жас аралығында 80 бала қабылданды.
Жалағаш ауданы бойынша ана мен балаға айрықша көңіл бөлініп, бүлдіршіндеріміздің алаңсыз өмір сүруіне барлық жағдай жасалып келеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<