Жетілген заң – жаңа заман талабы

449

0

Жаңа уақыт әрдайым жаңа бастамаларды талап етеді. Осылайша еліміз жылдан жылға жаңа белестерді бағындырып, түрлі салада жаңа идеялар мен жаңаша көзқарастар енгізілуде. Даму­дың барлық салаларымен қатар, қоғамдағы қарым-қа­тынастарды реттеп отыратын нормативтікқұқықтық актілерге де заман ағымына қарай жаңаша ережелер енгізіледі.  Бұл талап Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге ар­налған құқықтық саясат тұжырымдамасында да анық көрсетілген.

Елбасының сот саласына қой­ған басты талабы жүктемені азайту,  про­цесті жеңілдету, сот ісін жүр­гізу­дің жылдамдығын арт­­ты­рып, ашық­тығын қамта­масыз ету болып отыр. Осыған байланысты қазір азаматтық, әкімшілік және қыл­мыстық істер бойынша татуласу рәсім­дерін енгізу кең етек алуда.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес та­рап­­­­тар  дауды (жанжалды) ме­­­­­диа­­ция тәртібімен реттеу не­­ме­се партисипативтік рәсім­дер тәрті­бімен реттеу туралы ке­­лісімге келе алады. Ал сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қабыл­дайды,  про­цестің барлық саты­ларында дау­­ды реттеуде оларға жәр­дем­деседі. 

Әкімшілік-деликтік құ­қық­­ты әрі қарай ізгілендіруге, әкім­шілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау бары­сында заңдылықты күшейтуге бағытталған шара­лар көп­шіліктің көз алдында. Уақытқа сай жаңарып оты­ра­тын әкім­ші­лік заңнамада саланы ізгілен­діру, соттарға жүк­­­темені азай­ту шаралары қам­­тылып, осы­ған байланысты соттардың және әкімшілік құ­қық бұзу­шы­­лық туралы істер­ді қа­рау­ға уәкілеттілік берілген орган­дардың құзыреті нақ­ты­ланады. Еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікті дамы­туға орай сала субъектілері үшін айыппұлдар мөлшерлері азай­ты­лып, әкімшілік жазаның түрі ретінде ескертуді қолдану аясы кеңейтілген.

Әкімшілік құқық бұзу­шы­лық туралы істерді қарауға уәкі­лет­­­тік берілген органдардың құ­­­зыреті қайта қаралып, атап айт­­­қанда, санкцияларында айып­­­­­­­пұл түріндегі әкімшілік жа­за көзделген баптар уәкілетті мем­­­лекеттік органдардың қа­рауына беру жолымен соттар­дың жұмысы жеңілдетіле түседі.

Әкімшілік жауаптылыққа тар­ту рәсімін жаңғырту да сала жұ­­мысындағы елеулі жаңа­лық­тың бірі болып отыр.  

 

К.ЕСПЕНБЕТОВА, 

Қызылорда қалалық мамандандырылған

әкімшілік сотының судьясы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<