Облыс басшысының былтыр атқарған жұмыстарын тыңдадық. Оның ішінде көзбен көріп, көңілге түйген игі істер де көп. Аймақтағы қай салаға қарасақ та, алға басу қадамы қуантады. Білім, денсаулық, спорт, мәдениет, экономика бағыты, ауыл шаруашылығында жасалған жұмыстар жемісті екенін айтпасақ болмайды. Әр жұмыстың әлеуеті артып, ілгері басқанын, өрістің кеңігенін, мына біз, ақсақалдар, анық көріп отырмыз.
Әкім өз сөзінде, былтырғы жыл бойынша республикада 4-ші орын алғанымызды, үздіктер сапында болған облысты дамыту жоспары әрі қарай қарқынды жалғаса беретінін айтты. Аймақты басқарып отырған Қуанышбек Досмайылұлының жақсы бастамалары, толымды тірліктері осы жылы да өрістей береді деген сенімдеміз. Ел экономикасының ілгерілеуіне тынбай еңбек етіп, сонау шалғай ауылдарға да жиі сапар жасап, халықпен етене араласқан облыс әкіміне үнемі қолдау көрсету керек деген ойдамын.
Оразғали БЕКБАНОВ,
Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<